Іс-шаралар » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
“Бала қауіпсіздігі басты назарда”
10
сәуір
2025
“Бала қауіпсіздігі басты назарда”
“Бала қауіпсіздігі басты назарда” тақырыбында мектебімізде ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыстың күн тәртібінде орта білім беру ұйымдарында өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмау және алдын алу, балалардың ұялы телефондарын тұрақты тексеріп тұру, балалардың мінез-құлқы өзгеруі орын алған  жағдайда мамандарға жүгіну қажеттілігі туралы айтылып өтті. #біртұтас_тәрбие
“Оқуға құштар мектеп”
09
сәуір
2025
“Оқуға құштар мектеп”
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 9”Ә” сынып оқушыларымен “Менің сүйікті кітабым-Абай шығармалары”атты іс-шарасы өтті. Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқуға шақыру арқылы белсенділіктерін арттыру, кітап оқуға баулу және тәрбиелеу.
«Нашақорлықтың зияны мен зардабы»
07
сәуір
2025
«Нашақорлықтың зияны мен зардабы»
07.04.2025 жылы мектебімізде «Нашақорлықтың зияны мен зардабы» тақырыбында ашық форматта дебат өткізілді. Шара барысында оқушылар нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы өз ойларын ортаға салып, түрлі дәлелдер мен пікірлер арқылы өз ұстанымдарын қорғады. Мақсат – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу. Жастарымыздың белсенділігі мен ойлау қабілеті қуантты. Дебат өте тартысты әрі мазмұнды өтті!
⛳️ “Спорт - біздің досымыз!”
03
сәуір
2025
⛳️ “Спорт - біздің досымыз!”
“Спорт - біздің досымыз!” 7 сәуір — Дүниежүзілік спорт күніне орай 4 - сынып арасында ата-аналарымен,оқушылармен  көңілді эстафеталық ойын ұйымдастырылды.   Ойында ата-аналар мен оқушылар  бір команда болып, “Кім жылдам?”, “Жүйрік паровоз”, “Секіртпемен жүгіру”, “Арқан тартыс” кезеңдері бойынша күш сынасты. Ойын соңында орынды 4 “А” сыныбынан құралған “Бүркіт” тобы  орынды 4 “А” сыныбынан  “Сұңқар” тобы,4 "Ә" сыныбы " Алға" орынды 4 “ А” сыныбынан  “Қыран”, 4“В” сыныбы "Стрела"топтары иеленді
“Балалар кітапханасы”
01
сәуір
2025
“Балалар кітапханасы”
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында мектебіміздің 6”Ә” сынып оқушыларымен “Оқу және жазу мәдениеті” күніне орай оқыған кітаптары туралы әңгімелесу өткізілді.”Кітап-асыл қазына” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:Балалардың өз бетінше ойлап,ізденуін дамыту,ой-қиялын,шығармашылық қабілетін шыңдау.
"Тәрбие жұмысы арқылы білім алушылардың бойында тәрбие құндылықтарын дамыту"
31
наурыз
2025
"Тәрбие жұмысы арқылы білім алушылардың бойында тәрбие құндылықтарын
31-наурыз күні "Тәрбие жұмысы арқылы білім алушылардың бойында тәрбие құндылықтарын дамыту" тақырыбында семинар-практикум өткізілді  Семинардың  ашылуында мектеп директоры А.Ж Кенжебекова сөз сөйлеп,семинар бағдарламасымен таныстырып,қатысушыларға сәттілік тіледі. ДТІЖО Ж.Е Есеналиева "Тәрбие жұмысында Біртұтас тәрбие  бағдарламасын іске асыру" тақырыбында баяндама оқып,әдістемелік нұсқаулықтар берді. Практикалық бөлімде "Сынып сағаттарына тәрбие құндылықтарын кіріктіру" тақырыбында жоспар
Наурыз
26
наурыз
2025
Наурыз
Наурыз-табиғат пен адамның үйлесімінің,молшылықтың ,жаңару мен тазалықтың мерекесі.Мерекенің  басты мәні- қыз мезгілінен көктемге көшу, табиғаттың жаңаруын бейнелеу.Бұл кезең терең  символдық мәнге толы,оның негізгі қағидасы-тазару арқылы жаңару.Дәстүр бойынша,Наурыз мейрамында адамдар өз үйлеріне,аулаларына көшет отырғызады.Жаңару күніне орай  9,11-сынып түлектері мектеп ауласына 2 түп арша,2 түп қарағай,2 түп туя ағаштарын отырғызды.
"Өнегелі жеңге,өнерлі қайынсіңілі"
18
наурыз
2025
"Өнегелі жеңге,өнерлі қайынсіңілі"
18-наурыз күні "Даналық мектебі"клубы "Жеңге кеңесі"мектеп аясында "Өнегелі жеңге,өнерлі қайынсіңілі" сайысы өткізілді. Мақсаты: Қазақ қыздарына тән инабаттылық,имандылық,әдептілік арлылыққа тәрбиелеуде қыз жеңгелерінің де алатын орны ерекше екеніне тоқталу. Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеу,туыстық қатынас,соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін ұғынуға тәрбиелеу. Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Қыздарымыз жеңгелерімен бірлесе тамаша өнер көрсетті.Сайыс соңында қатысушылар марапатталып,сыйлықтар
«Болашақты бірге отырғызу»
15
наурыз
2025
«Болашақты бірге отырғызу»
Таза Қазақстан акциясы аясында «Болашақты бірге отырғызу» атты ағаш отырғызу шарасы өткізілді! Қатысушылар еліміздің табиғатын сақтап, жасыл желекпен көмкеруге өз үлестерін қосып, тазалық пен экологиялық жауапкершілік туралы маңызды хабардарлықты арттырды. Бұл іс-шараның мақсаты - болашақ ұрпаққа экологиялық таза және көгалдандырылған орта қалдыру! Әрбір ағаш — біздің болашағымыз! #ТазаҚазақстан #Экология #АғашОтырғызу #БолашақтыБіргеОтырғызу
"Мамандық марафоны"
24
қаңтар
2025
"Мамандық марафоны"
Мектебімізде 23.01.2025 жылы "Еңбегі адал-жас өрен" жобасы аясында, кәсіптік бағдар беру, өмірде туындайтын және толғандыратын түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы сұхбаттасу, болашақ мамандықтары туралы пікір алмасу, мотивация алу мақсатында "Мамандық марафоны" атты кездесу кеші өткізілді.   Кездесу кешіміздің қонақтары болған Тараз қаласы "Айбөбек kids" балабақша меңгерушісі Жамалаева Салтанат Асқарқызы және мектебіміздің түлегі, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 16 Вперед