"Жұмысшы мамандығы-заман талабы" » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жұмысшы мамандығы-заман талабы"
19
мамыр
2025

"Жұмысшы мамандығы-заман талабы"

Мектебімізде 19,20.05.2025 жылы кәсіптік бағдар беру мақсатында 8, 9 сынып оқушыларына "Жұмысшы мамандығы-заман талабы" тақырыбында кәсіптік бағдар беру сағаты өткізілді.
  Кәсіптік бағдар беру сағатының мақсаты: жұмысшы мамандықтарының мақсатын түсіндіру; жастарды еңбекке баулу; кәсіптік бағыт беру; қоғамда жұмысшы мамандықтарына деген оң қозғарасты қалыптастыру.
  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың "2025жыл- Жұмысшы мамандықтары жылы'- деген бастамасы еліміз үшін аса маңызды. Бұл шешім Қазақстандағы еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескеріп, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Біздің елде инженерлер мен техникалық мамандардың тапшылығы байқалады, сондықтан жастарды осы салаларға тарту, кәсіптік білім беру жүйесін жақсарту керек. Жұмысшы мамандықтарын дамыту арқылы экономикамызды нығайтуға және еліміздің өнеркәсіп саласын жаңа деңгейге көтеруге болады.
  Бүгінгі таңда еліміздің дамуы мен өркендеуінде жұмысшы мамандықтарының алатын орны ерекше. Қоғамның, экономиканың ілгерілуі-кәсіби білікті, ісіне жауапты жұмысшылардың ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан да "Жұмысшы мамандығы-заман талабы" деп айтсақ, кателеспейміз.
  Кәсіптік бағдар беру сағаты барысында оқушылар жұмысшы мамандықтарына байланысты бірнеше көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды. Тараз қаласындағы бірнеше өнеркәсіптерімен таныс болды. Жұмысшы мамандықтары жайында ойларымен бөлісті. "Менің болашақ өнеркәсібім" тақырыбында кластер қорғады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив