24
қаңтар
2025
"Мамандық марафоны"
Мектебімізде 23.01.2025 жылы "Еңбегі адал-жас өрен" жобасы аясында, кәсіптік бағдар беру, өмірде туындайтын және толғандыратын түрлі сұрақтарға жауап алу арқылы сұхбаттасу, болашақ мамандықтары туралы пікір алмасу, мотивация алу мақсатында "Мамандық марафоны" атты кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешіміздің қонақтары болған Тараз қаласы "Айбөбек kids" балабақша меңгерушісі Жамалаева Салтанат Асқарқызы және мектебіміздің түлегі, Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінде жастар ісі жөніндегі маман Жапарова Арина Викторовна.
Іс-шара барысында оқушылар келген қонақтардың өмірбаяндары мен жетістіктерімен таныс болды; түрлі сұрақтарға жауап алып, қонақтарымыздың өмірлік іс-тәжірибелері мен кеңестерімен бөлісті.
Кездесу кешіне 5-10 сынып оқушылары өздерінің таңдап қойған болашақ мамандықтары жайлы презентация дайындап, қорғап шықты.
Кездесу кеші концерттік бағдарламамен ұласты.
Кеш соңында келген қонақтар мектеп директорының "Алғыс хатымен" марапатталды.