12
желтоқсан
2024
"Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025"
Мектебімізде 2024 жылғы 11 желтоқсан күні 11-сынып оқушыларымен "Ұлттық бірыңғай тестілеу-2025" тақырыбында ақпараттық - түсіндіру жиналысы өтті. Жиналыс барысында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джакипова Аида Кенжекуловна 2025 жылғы ҰБТ мерзімі, ҰБТ-ға өтініш беру, ҰБТ форматы, ҰБТ-да тыйым салынған заттар туралы кең көлемді ақпарат бере отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар prob-ent.testcenter.kz сайты арқылы тегін тапсыратын байқау сынағы және ҰБТ-ға дайындау үшін тегін онлайн сабақтар туралы айтып өтті. Соңынан оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.



