07
қазан
2024
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталғының ұйымдастыруымен "Махамбет оқулары" атты байқауы
2024 жылы 3-4 қазан күндері Атырау қаласында "Дарын"республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Махамбет оқулары" байқауы өтті.Байқаудың мақсаты - ұлтына ұран болған ұлы ақынның рухы биік туындыларын насихаттау,бабалардың ерлік рухын сезіндіру.Осы байқауда 10-сынып оқушысы Ниязбек Диана "Біз неткен ер,неткен ер?Сергелдеңмен өткен ер"бағыты бойынша "Жәңгір - заманынан озып туған хан" тақырыбын қорғап,өзінің баяндау жүйелілігі,бірізділігі мен өз ой тұжырымдарының дәлдігі,жаңашылдығы,сөз саптау шеберлігін танытып,ІІІ орын және ақшалай 50 000 теңге сертификатқа ие болды.Диананы үлкен жетістігімен құттықтаймыз! Пән мұғалімі педагог-зерттеуші Керімбаева Бақыткүл Керімқұлқызына шығармашылық табыс,тәрбиелеген шәкірттері биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!






