10
маусым
2024
№23 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ

Білім алушылар және қызметкерлерге қауіпсіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қажетті жағдай жасалынған: сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларымен, дабыл түймесімен, турникетпен, мамандандырылған күзетпен, ал ерекше білімді қажет ететін балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы пандуспен, тактільді тақтайшалармен, шақыру түймесімен қамтамасыз етілген.
2023-2024 оқу жылында 927 оқушы білім алуда, соның ішінде үйде оқытумен 6 оқушы қамтылған, жеке қаралыммен 5 оқушы білім алуда. 41 сынып комплектісі бар. Қыркүйек айынан бастап 1-4 сыныптар арасында тегін ыстық тамақпен 375 оқушы, 5-11 сыныптар арасында 161 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Мектеп кітапханасы қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдарымен, электронды оқулықтармен және көркем әдебиетпен, 1-11 сыныптар арасында оқушылар 100% оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жалпы кітап қоры-27168 дана, оның ішінде көркем әдебиеттер-6100, оқу-әдістемелік кітаптар-66, оқулықтар-21078, электронды оқулықтар-300 дана.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепті 28 түлек бітіріп,7 оқушы мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық кабинет жұмыс жасайды.
Мектеп оқушылары мен ата-аналар үшін психологиялық - педагогикалық, әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік – тұрмыстық қолдау көрсетіліп отыр. Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы өз жұмысын жүргізуде. Оқушылармен, ата-аналармен түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, тренингтер өткізу мақсатында арнайы тәрбие орталығы ашылды. Қамқоршылық кеңес пен әкелер кеңесі өз жұмыстарын жоспарлы жүргізуде.
Тәрбие бағытында мектепте келесі жобалар: «Оқуға құштар мектеп», «Жасыл мектеп», «Жомарт түлек», дебат клубы, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстары іске асырылып отыр.
Жасөспірімдер мен оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу , буллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ішкі істер және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау мекемелері өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған"Komek Stop Bulling" aқпараттық жүйесі, HR+психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі енгізілген, психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның "Бестерек" жобасы аясында психологтарымыз жұмыс атқаруда.
Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 2023 – 2024 оқу жылының І жартыжылдығында 8 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
✓ Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жоба конкурсынан 10 сынып оқушысы Хайрулла Нурай тарих пәнінен қалалық, облыстық кезеңінен ІІІ-орын иеленді.
✓ Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың қалалық кезеңінде 6 жүлделі орын:
9 «А» сынып оқушысы Өмірбекова Айзат биология пәнінен ІІІ орын
9 «Ә» сынып оқушысы Ниязбек Диана химия пәнінен ІІІ орын
10 «Б» сынып оқушысы Садирбекова Асема орыс тілі сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен ІІІ орын
10 «Б» сынып оқушысы Шапек Аружан ағылшын тілі пәнінен ІІІ орын
10 «А» сынып оқушысы Орынбаева Айя құқық негіздері пәнінен ІІІ орын
✓ «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған 3-4, 5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасында:
3 сынып оқушысы Абылхан Медина ІІІ орын
3 сынып оқушысы Тұрсынәлі Бекарыс ІІІ орын
4 сынып оқушысы Жапар Нұрасыл ІІІ-орын
5 сынып оқушысы Сарман Алихан ІІІ- орынды
✓ «JuniorSkills Jambyl-2023»облыстық чемпионатында «химия-биология» медициналық құзыреті бойынша – 9 сынып оқушысы Ниязбек Диана І орынды иеленді.
✓ «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған облыстық «Зерде» республикалық зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінен 2 сынып оқушылары Мұхамедқали Ақниет, Оросов Бекнұр, 4 сынып оқушылары Нуритдин Әбубәкір, Нышаналықызы Сезім ІІІ орын иеленді. Облыстық кезеңінен Нуритдин Әбубәкир ІІІ орын иеленді.
✓ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Кенгуру» ойын-конкурсы - 80 жүлделі орын. ( І орын – 50 оқушы, ІІ орын – 18 оқушы, ІІІ орын – 12 оқушы).
«Ұлттық мектеп лигасы» турнирінің қалалық кезеңі бойынша футболдан 7,8 сынып қыздар құрама командасы – ІІ орын, баскетболдан 9-11 сынып ұлдар құрама командасы – І орын, «Бес тас» спорт түрінен 9-11 сынып қыздар құрама командасы – І орын, шахматтан 5-6 сынып құрама командасы – ІІ орын иеленді.
✓ «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық байқауынан директордың тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Е.Ж. Есеналиева, бастауыш сынып мұғалімі А.Б.Қасымова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалімдер арасындағы облыстық «Ұлттық спорт» фестивалінде «Асық ату» спорт түрінен дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.А. Құсайынова ІІІ орын, «Қазақ күресі» спорт түрінен АӘД мұғалімі Д.А. Нүрпейісов ІІІ орын, Облыстық «Кәсіподақ Барысы - 2023» , «Қазақ күресі» спорт түрінен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Ү. Қауынбаев ІІІ орын иеленді.
Мектеп ұжымы әлеуметтік серіктестік орнату мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтымен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы және «Тарих» кафедрасымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.