12
ақпан
2020
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "...Қасиетіңнен қара өлең айналайын"атты 2-8- сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқау
23 орта мектебінде 12.02.2020 күні қазақтың ақиық ақыны ,шынайы поэзия өкілі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "...Қасиетіңнен қара өлең айналайын"атты 2-8- сынып оқушылары арасында мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты оқушылардың арасында ақын шығармашылығын насихаттау,поэзияға деген құштарлығын арттыру,дарынды балаларды анықтау.
Оқушылар ақын өлеңдерін тебірене оқып,өзара жарысқа түсті.
Байқау соңында мектеп директоры А.А.Рысбаева өлең өлкесінде өзіндік үнімен дараланған ақын туындыларының ерекшелігіне тоқтала келіп,белсене қатысқандарға ризашылығын білдірді,жеңімпаз оқушыларды марапаттады.