05
март
2020
Еріктілер тобы
Тараз қаласы №23 орта мектебінің жас мамандарынан құрылған "Еріктілер тобы" "Жамбыл-Өрлеу" біліктілікті арттыру институтымен бірге 8-март Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №1 Қарттар үйіне барып мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара барысында Абайдың лирикалық әндерімен күйлері орындалды. Кездесу соңында еріктілер тобы қарттарға өз сыйлықтарын беріп қазыналы қариялардың алғысына бөленді.








