09
июнь
2025
Авторлық бағдарлама
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы жанындағы сараптамалық кеңестің 2025 жылғы 17 мартдағы №1 отырысының шешіміне сәйкес және 2025 жылғы 27 майдағы №3 отырысының шешіміне сәйкес №23 орта мектебінің аттестатталушы бес педагогтың инновациялық педагогикалық тәжірибелері облыс көлемінде таратылды. Нақты айтатын болсақ: мектеп директоры Айгул Жумаковна Кенжебекованың “Білім беру менеджменті және ұлттық тәрбие: Қазақи құндылықтарға негізделген басқару жүйесі” атты авторлық бағдарламасы, дене шынықтыру пән мұғалімі Тамара Владимировна Москаленко «Баскетбол для одаренных учащихся 4 класса» атты авторлық бағдарламасы, бастауыш сынып мұғалімі Марина Владимировна Сидорованың «Развитие функциональной грамотности на уроках литературного чтения у учащихся 3 класса» атты авторлық бағдарламасы, химия пән мұғалімі Мадия Бекетовна Абдракованың «Решение расчетных задач по химии» атты әдістемелік құралы, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Гульмира Жунисбековна Нусипбекованың «Лингвистические игры как средство развития языковой интуиции» атты әдістемелік құралы ZOOM бейнебайланыс режимінде көпшілікке таратылды.