Оқушыларға » Страница 2 » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 2
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»  тақырыбында акция
08
сәуір
2022
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» тақырыбында акция
              08.04.2022ж. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»  тақырыбында өткен  акция  аясында   «Адал ұрпақ» ұйымының мүшелері   белсенділік танытты. Мақсаты: Оқушыларды  туған  қаласы   мен  өз  мектебіне жанашарлықпен қарап, қамқорлық  танытуға   тәрбиелеу.Оқушылардың    экологиялық  көзқарасын,  санасын, табиғатқа  деген    парасаттылық, жауапкершілік,   қарым-қатынасын  қалыптастыру. Оқушыларды  жаппай  қоғамдық   еңбекке  қосу,  мектеп   ауласын  көгалдандыру  ісіне   белсенді  қатыстыру.
"Көңілді старт" спорттық жарыс
07
сәуір
2022
"Көңілді старт" спорттық жарыс
7-сәуір «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай дене шынықтыру мұғалімімен бірлесе отырып «Көңілді старт»  атты спорттық ойыны ұйымдастырылды.  Оқушылар мен мұғалімдер жаттығу жасап, қашықтыққа жүгіріп, баскетбол ойнап және арқан тартысты. Мақсаты:  Балалардың дене бітімін шынықтыру, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу,  спорттық ойындарға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың  күш,ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене
"Қош келдің, Наурыз нұры!" іс-шара
16
наурыз
2022
"Қош келдің, Наурыз нұры!" іс-шара
      16-шы  наурыз күні кітапханашының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Наурыз нұры!» атты іс-шара мектеп  кітапханасында өтті. Қазақтың атадан келе жатқан салт дәстүрінің бірі тұсаукесерді көрсетті. Сонымен қатар сурет көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар әсем әндерін айтып «Ерке сылқым» күйін биледі. Мақсаты:   оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.         
«Біздің  таңдауымыз  құқықтық   мемлекет»  атты  дөңгелек   үстел
16
наурыз
2022
«Біздің таңдауымыз құқықтық мемлекет» атты дөңгелек үстел
         16 наурызда 2022 жылы  адал   ұрпақ ұйымының  мүшелерімен «Біздің  таңдауымыз  құқықтық   мемлекет»  атты  дөңгелек   үстел  өтті. Мақсаты : мектеп  ортасында сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  мәдениетті   қалыптастыру.Онда  клуб мүшелері заң  туралы өз ойларымен  бөлісті.Оқушылар еліміздің патриоты  ретінде   өздерін  көрсете білді.
«Аяулы анам» атты іс-шара
03
наурыз
2022
«Аяулы анам» атты іс-шара
            3-ші наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы анам» атты іс-шара өтті. Іс-шарада жас мамандар, фракция мүшелері мен жас ұландықтар мың бұралып билеп,  ән шырқады және өлең жолдарын оқыды. Құттықтау сөзін мектеп директоры және кәсіподақ ұйымының төрайымы Керімбекова Бақыткүл әпкиге берілді. Мұғалімдер мақтау граммоталарымен марапатталды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.           
«Алтын жүрек»
01
наурыз
2022
«Алтын жүрек»
        1-ші наурыз күні мектеп фаесінде «Алтын жүрек» атты челлендж ұйымдастырылды. Бұл челленджге   Мектеп президенті және фракция мүшелері  қатыса отырып  әр ұлт өкілдері қазақ еліне деген алғыстарын өлең шумақтары арқылы жолдады. Мақсаты оқушылардың еліне, жеріне деген махаббаттарын, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін ,сыпайылық қарым-қатынасын, ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсініктерін дамыту .                
«Әдеп- ең қымбат мирас» тақырыбында танымдық сабақ
25
ақпан
2022
«Әдеп- ең қымбат мирас» тақырыбында танымдық сабақ
           25-ші  ақпан  күні сағат 11:00 де  «Әдеп- ең қымбат мирас» тақырыбында 2 сынып оқушыларымен танымдық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты балалардың өмірге қажетті білік дағдыларын тереңдете отырып, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге баулу, сәлемдесу, қонақ күту, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету тәрізді әдептілік қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.           
"Мейірім толы жүрек" акция
16
ақпан
2022
"Мейірім толы жүрек" акция
16-шы ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің он күндігі аясында пән мұғалімдерімен бірлесе отырып «Мейірім толы жүрек» атты акция ұйымдастырылды. Акция жағдайы төмен оқушыларға мектепке қажетті кеңсе тауарларын сыйлаубағытыда ұйымдастырылып 5 «ә» сыныбында оқитын екі оқушыға берілді. Мақсаты: қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сезімін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамты   лған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту                
«Мемлекеттік  қызмет – елдің мүддесіне  адал   еңбек»  тақырыбында шығарма  байқау
16
ақпан
2022
«Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында
   16 ақпан 2022 жылы мектебімізде  «Мемлекеттік  қызмет – елдің мүддесіне  адал   еңбек»  тақырыбында 6-10  сыныптар   арасында шығарма  байқау  өтті. Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен   қарау және әділдікке тәрбиелеу.Патриоттық  тәрбие қалыптастыру.
"Алтын жүрек анамын!" акция
10
ақпан
2022
"Алтын жүрек анамын!" акция
10-шы ақпан күні  өзін-өзі тану мұғалімдерімен бірлесе отырып 4 сынып оқушылары арасында «Алтын жүрек анамын»   тақырыбында мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің анасына деген махаббатын өлең жолдары арқылы жеткізді. Мақсаты: оқушылардың  бойынан сүйіспеншілікті, мейірімділікті, адамгершілікті ояту.