Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді
23
қаңтар
2019

Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді

Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді
Қазақстан мектептегі білім беру сапасы жөнінен әлемдегі алдыңғы 10 елдің қатарына енді
15.01.2019Жер бетіндегі ең ақылды 25 елдің тізімін Vouchercloud британдық порталы жасады. Дәстүрге айналған аталмыш тізімде азиялық және еуропалық елдер көш бастады.
  Рейтингтің құрылуына әр елдегі Нобель сыйлығы лауреаттарының саны (тарихи интеллектіні бағамдау үшін), тұрғындардың білім саласындағы жетістігі, яғни ағымдағы орта IQ (шынайы интеллектіні бағамдау үшін) және білім сапасының деңгейлік (болашақ ұрпақтың интеллектісін анықтау үшін) көрсеткіштері негіз болды. Зерттеушілердің айтуынша, «айрықша дарынды халықты анықтау мақсатында мүмкін деген аймақтың барлығы қамтылған».
  Негізінен Азия мен Еуропаның елдері енген рейтингті Жапония бастап тұр. Бұл елдің тізімнің ең басынан көрінуіне бағалаудың барлық үш талабы бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізуі себеп болды.
  Ал Қазақстан 25 елдің арасында мектептегі білім беру сапасы жөнінен АҚШ, Израиль, Финляндия, Нидерланды елдерін басып озып, 9-шы орыннан көрінді. Британдық Vouchercloudпорталында: «Қазақстан елі күткен нәтижеден де асып түсіп, әлемдегі балалары ең ақылды елдердің тізімінде тоғызыншы орынға шықты. Бұл жаңа интеллектуалдық күш болуы мүмкін бе? Атақтарың арта берсін, қазақтар!» деп көрсетілген.
Мәліметке ескертпе
  Нобель сыйлығы бойынша деректер World Atlas-тан жиналса, IQ бойынша ғаламдық бағалау 2012 жылы өткізілген Lynn & Vanhanen әлеуметтік зерттеуінен, ал оқушылар бағасы (мектеп білімінің деңгейі) 2015 жылға арналған Our World in Data зерттеуінен алынды.
  Жетістіктер қорытындысы стандартталған психометриялық тұрғыда орнықты халықаралық және аймақтық тесттерден алынып отыр. Оларға TIMSSPIRLSPISAFIMSFISSSIMSSISSSRCRLSMLAIAEPSACMEQPASECи LLECE кіреді. Елдерді барынша қамту мақсатында тесттер пәндер (математика, оқу, жаратылыстану) және деңгей (бастауыш және орта білім) бойынша келісіліп, бөлінді. Бұл деректер жиынтығы 1965-2015 жылдар аралығындағы 163 ел мен аймақты қамтиды.


Орындар   
  Ел 
  
  
  
  
Жоғары балл алған студенттердің пайыздық көрсеткіші
1Сингапур71,37
2Оңтүстік Корея66,85
3Гонконг66,66
4Тайвань63,21
5Жапония58,01
6Ресей38,46
7Қытай38,27
8Maкao37,02
9Қазақстан           32,64
10Лихтенштейн32,06
11Швейцария31,93
12Ирландия30,03
13АҚШ29,84
14Венгрия29,40
15Израиль29,19
16Бельгия28,76
17Эстония27,97
18Дания27,51
19Португалия27,51
20Норвегия27,49
21Польша26,83
22Литва25,47
23Финляндия25,29
24Нидерланды25,15
25Кипр25,02

http://www.bilimdinews.kz/?p=25875
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив