Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету қызметі туралы есебі
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету қызметі туралы есебі
Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 23 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2018 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген қызметтердің саны 981 құрады, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 981;
-«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 6;
-«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 424;
-«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 78;
-«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – 247;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша – 194;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – 12;
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартты бойынша – 20;
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер қызмет көрсету стандартының регламентіне сәйкес қызмет алушыға тиісті қызмет көрсетілді. Халықты ақпараттандыру мақсатында № 23 орта мектептің ресми сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» көрсету жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандырылу мен оған қолжетімділігі мақсатында мекемеде көрнекі ақпарат стендтері жасалды. (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б)