Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай онлайн-конференция
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын және жазушы,айбынды күрескер ,қоғам,мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай “Кербез Көкшенің ақиығы-Сәкен Сейфуллин” тақырыбында 9”А,Ә”-сынып оқушыларымен онлайн-конференция өтті. Оқушылар Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетін жаңа түр,тың мазмұнмен байытқан,қоғамдық ой мен әдеби -мәдени тарихымызда ерекше орын алатын тұлға екендігіне тоқталып,өмір жолы мен өнерпаздығы ұрпаққа үлгі екендігінің куәсі болды.