18
ақпан
2025
"Мамандықтар марафоны"




Байқаудың мақсаты: оқушыларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, өз армандары мен мақсаттарына бағыт-бағдар беру және олардың болашақ кәсіби таңдауларын жасауға көмек көрсету.
Бұл жасөспірімдердің болашақ мамандақтары мен таңдаулары туралы ойлануына, танымын арттыруына зор мүмкіндік. Мамандық таңдау-әрбір адамның өміріндегі ең маңызды қадамдарының бірі.
Байқау 3 кезең бойынша өткізілді:
І кезең-"Таныстыру".
ІІ кезең-"Мен таңдаған мамандық"-таңдаған мамандықтары туралы көрініс.
ІІІ кезең-"Жағдаяттық сұрақтар".
Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары, яғни "Құпия күштер" тобы ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Топ құрамындағы оқушылар:
Шымырбай Құралай
Бахыт Үммүт
Балмырза Балсезім
Сәбденәлі Кенесары
Исатай Аружан
Азаматқызы Аруна
Топ жетекшісі: кәсіптік бағдар беруші педагог-Сопбекова Алия Оналбековна.