06
ақпан
2020
Абайдың 175 жылдығына арналған әдеби музыкалық кеш
Жамбыл -"Өрлеу" біліктілікті арттыру институты және Тараз қаласы №23 орта мектебінің бірлесіп ұйымдастырумен "Дархан халықтың дана Абайы" әдеби-сазды кеші өтті. Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, жазба әдебиеті мен қазақ әдебиеті тілінің негізін салушы-Абай Құнанбайұлының мерейтойын бүкіл әлем тойлауда. Кешті Жамбыл №23 орта мектебінің директоры Ардақ Рысбаева Абайдың нақыл сөздерімен ашты. Абайдың қара сөздері, күйлері, әндері мен өлеңдері өшпес мұра! Іс-шарада мектептің жас мамандары ұлы ақынның шығармашылығына жіті тоқталып, өнерлерін паш етті. Осы орайда, ДОТІЖО Санигүл Жаңабаева жыл басында жариялаған "Кітапханаға 175 кітап" акциясын қорытындылап, жеңімпаздарға мектеп және институт тарапынан сыйлықтар берілді.
























