13
желтоқсан
2019
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби музыкалық кеш
Биыл ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған республикалық шаралар басталды.Осындай ұлы ақынның тойы Тараз қаласы №23 орта мектебінде де өз жалғасын тапты. Бүгін 13 желтоқсан күні. "Абай- дана, Абай дара қазақта" атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кеште оқушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп айту шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, Абай образдарын сахнада шебер сомдады.

















