Іс-шаралар » Страница 10 » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 10
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақала
01
ақпан
2021
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақала
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарық көрді. Өз сөзінде Мемлекет басшысы жерге қатысты алып-қашпа  сөздерге нүкте қойып, егеменді еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін жазған. Осыған орай 9 "Ә" сынып оқушылары "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласымен танысып, ой-пікірлерін ортаға салды.
1-11 сыныптардың ата-аналар комитетері мен қамқоршылық кеңесіне арналған жалы ата-аналар жиналысы
26
қаңтар
2021
1-11 сыныптардың ата-аналар комитетері мен қамқоршылық кеңесіне
2021 жылдың 26 қаңтар күні сағат 14.00-де  1-11 сыныптардың ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңесіне арналған жалпы ата-аналар жиналысы  Zoom  платформасы арқылы өткізілді. Күн тіртібіне сай  мектеп директоры Ардақ Абдырахымбайқызы Рысбаева 2020 жыл бойынша бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы бойынша есеп берді. Ата-аналарға 1 жартыжылдық қорытындысы таныстырылып, оффлайн режимде білім алатын кезекші  сыныптар мен оқушылар қауіпсіздігі туралы ақпараттар айтылды. 
10 "Ә" сыныбында "Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі" атты сынып сағаты өткізілді.
22
қаңтар
2021
10 "Ә" сыныбында "Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі" атты сынып
№23 Орта мектебінде 10 "Ә" сыныбында "Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі" атты сынып сағаты өткізілді. Ел басшысы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтарда осы қаріппен жазылуы тиіс екендігін айтты. Оқушылар сынып сағатында бугінгі күннің өзекті мәселесіне  айналған "Латын әліпбиіне көшу" туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. 
Үнемділік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
13
қаңтар
2021
Үнемділік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру"  бағдарламасы "Үнемі мен қуат " жобасы аясында 10 "а" сыныбында "Үнемділік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Ж.А.Құсайынова
"Пайдалы ойындар" робототехника  бойынша онлайн-тренинг
07
қаңтар
2021
"Пайдалы ойындар" робототехника бойынша онлайн-тренинг
"Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" қысқы каникул кезінде  балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 7-қаңтар күні "Пайдалы ойындар"  робототехника бойынша онлайн мастер-тренинг өткізілді. Өткізген: информатика пәнінің мұғалімдері: А. Райымбекова, А.Калмурзаева, Н.Стамқұлова 
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне  7”А”-сыныбы “Тәуелсіздік-ел тілегі”тақырыбында тәрбие сағаты
08
желтоқсан
2020
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне 7”А”-сыныбы “Тәуелсіздік-ел
16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне  7”А”-сыныбы “Тәуелсіздік-ел тілегі”тақырыбында тәрбие сағатын өтті.Сынып жетекшісі Маханбетқұлова Майра оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтары туралы мағлұмат беріп,ұлттық сезім,ұлттық мақтаныш,ұлттық сана,ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту керектігі жайлы айтты. Оқушылар да тәуелсіздік тақырыбында салған суреттерінің мазмұнын талдап ,жаттаған тақпақтарын айтып өз
Сәкен Сейфуллиннің туғанына   125 жыл толуына орай онлайн-конференция
08
желтоқсан
2020
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай онлайн-конференция
Қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы жалынды ақын және жазушы,айбынды күрескер ,қоғам,мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай “Кербез Көкшенің ақиығы-Сәкен Сейфуллин” тақырыбында 9”А,Ә”-сынып оқушыларымен онлайн-конференция өтті. Оқушылар Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетін жаңа түр,тың мазмұнмен байытқан,қоғамдық ой мен әдеби -мәдени тарихымызда ерекше орын алатын тұлға екендігіне тоқталып,өмір жолы мен өнерпаздығы ұрпаққа үлгі екендігінің куәсі болды.
"Пайдалы ойындар"-роботехникаға байланысты тренинг
13
қараша
2020
"Пайдалы ойындар"-роботехникаға байланысты тренинг
Қазақстан балалары-күзгі интерактив! Күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру іс-шара жоспары бойынша мектебіміздің білім алушыларымен "Пайдалы ойындар"-роботехникаға байланысты ойлайн тренинг өткізілді. Ұйымдастырушы информатика пәнінің мұғалімдері А.Калмурзаева, Н.Стамұүлова, А.Раймбекова
Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі" тақырыбында семинар
12
қараша
2020
Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі"
Бүгінгі жас маман-ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын, олардан үлгі алатын, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналатын тұлға. Сондықтан жас маманның теориялық білім, білігін практикамен ұштастырып, кәсіби шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында "Жас мамандарға тәлімгерлік көмек білім сапасын арттырудың кепілі" тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Сидорова Марина Владимировна сабақ барысында білім сапасын арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдермен бөлісіп,
"Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені, ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында".
11
қараша
2020
"Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені,
"Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені, ел болашағының кілті-бүгінгі жас ұрпақтың қолында". Осы орайда жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру мақсатында №23 орта мектеп психологтары Д.И.Жумадилова, Г.Ү.Ботаева психологиялық кеңес өткізді.  Кеңес соңында мектеп директоры А.А.Рысбаева жас мамандарға жұмыстарына сәттілік, шығармашылық табыс тіледі.