23
желтоқсан
2025
«Қазіргі заманға қажетті мамандықтар»


Мектебімізде 23.12.2025 жылы «Қазіргі заманға қажетті мамандықтар» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сағаты ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты: оқушыларды қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық түрлерімен таныстыру, олардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру және кәсіби өзін-өзі анықтауға ынталандыру.
Іс-шара барысында мектептің кәсіптік бағдар беруші педагогы А.О. Сопбекова қазіргі заманға қажетті мамандықтарға шолу жасап, мамандықтарды таңдау жолдары, еңбек нарығындағы өзгерістер, әр мамандықтың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық жайында пайдалы ақпараттар алды.