Попечительский совет жиналысы №1 хаттама » СШ №23
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №23"
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 42-56-06
Бухгалтерия
+7(7262) 42-56-06
Версия для
слабовидящих
» » » Попечительский совет жиналысы №1 хаттама
25
февраль
2019

Попечительский совет жиналысы №1 хаттама

№ 23 ОРТА МЕКТЕП

Жалпы мектепішілік ата аналар жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Тараз қаласы                                               № 1                            «  16»   октябрь  2018 жыл


Жиналыс төрағасы: Ирматова Гүлмира Махамовна

Хатшысы:  Тохабаева Гүлнұр Асқарқызы 

Қатысқан қамқоршылық кеңес мүшелері  саны: 9

Мектеп әкімшілігі: 5



КҮН ТӘРТІБІ

1. Мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевнаның мектептің «Попечительский совет» алдында есеп беруі.

           2.  Әр түрлі мәселелер

Жиналысты мектептің «Попечительский совет» төрайымы Ирматова Гулмира Махамовна сөз алды. Жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жиналысқа қатысушыларды  күн тәртібімен таныстырды. Сөз кезегін мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевнаға берді. 

  Мектеп директоры Рысбаева Ардақ Абдрахимбаевна  баяндама жасап, 2017-2018 оқу жылын қорытындылай отырып, жаңа оқу жылындағы өзгерістер мен жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті. Ол өз баяндамасында 2017-2018 оқу жылын 776 оқушымен аяқталғанын, білім сапасы 67%, үлгерім 100% екенін айтты. Лучший оқушылар саны -133, екпінділері -387.

  9-сыныпты үздік үлгеріммен 5 оқушы аяқтады. Олар: Абдуманап  Ақжан-9 «ә» сынып, Айдосова Аружан, Серғазы  Дана 9»б» сыныбынан Жанарбеков Кантөре, Насирдинова Аида. 

Жаз айларында мектепке 183 оқушы келді, оның 120-сы 1 сынып, 78-і даярлық сыныбына. Мектептен әртүрлі жағдайларға байланысты және 9,11 сынып бітірушілер 111 оқушы кетті.

  512 оқушы қазақ тілінде оқиды,  әр сыныптағы   оқушылардың орташа толымдылығы 22-ні құрайды.

    Орыс тілінде 336 оқушы, 14 сыныпта білім алуда. Сыныптың орташа толымдылығы 24 оқушыдан. 

     Мектепте 848 оқушы, 1-ден 11 сыныпқа дейін 36 сынып комплект. 10 «б» ,11 «а» сынып 14 оқушыдан. Оқушы саны 24-ке толған сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бөлінеді. 5-сыныптан дене тәрбиесі пәні бөлінеді. Технология мен көркем еңбек 5-пен 11-сынып арасында оқушы толымдылығымен қарамастан бөлінеді. 

      Биылғы оқу жылында 5 бірінші сыныпқа оқушы қабылданды,4-де 24 оқушыдан, біреуінде 15 оқушы (орыс сыныбы).

      Оқушылардың мекен –жайлары ауысуына байланысты 6-сыныптың 1-і жабылды, қалған 2 сыныпта 28 және 31 оқушы отыр.

5-сентябрьтегі есеп бойынша 72 оқушыға контигент ұлғайды.

2017-2018 оқу жылындағы мектеп бітірген 11-сынып оқушыларының орналасуы.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша мектепте 11-сыныпты 24 оқушы бітірді. Барлық оқушылар қорытынды аттестациядан өтіп, мектеп бітіргендіктері туралы куәліктерін алды. Жалпы 24 оқушының 12 оқушысы ЕНТ тапсырды, 2 оқушы ақылы ЕНТ-ге ,2 оқушы шет елге, 3 оқушы колледжеге тапсырды. Мектебімізге берілген меже орта балл-81, мектеп оқушылары 83,75 орта балл көрсетіп, қала бойынша 23-ші орынды иеленді. 

    Мектеп оқушыларының үйірмеге қамтылуы.

    Мектептегі үйірме сабақтары оқушының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға бағытталған. Мектепте  2 спорттық,1 шығармашылық және 13 пәндік үйірме жүргізіледі. Жалпы мектепішілік үйірмеге оқушылардың қатысуы-53,3% қамтылған. 

    Мектептен тыс үйірмеге 24,5% қатысады. Жалпы үйірмеге оқушылардың қамтылуы 77,8%   құрайды. 

Ұсыныстар:

       1.Оқушылардың мектептің ішкі тәртіп ережесін сақтауына, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруын қамқоршылық кеңес тарапынан қадағалау күшейтілсін.

      2 . Попечительский совет жұмысын жандандыру.


Төраға:                Ирматова Г.М.

Хатшы:              Тохабаева Г.А.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив