Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған әдеби музыкалық кеш
Биыл ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған республикалық шаралар басталды.Осындай ұлы ақынның тойы Тараз қаласы №23 орта мектебінде де өз жалғасын тапты. Бүгін 13 декабрь күні. "Абай- дана, Абай дара қазақта" атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кеште оқушылар ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп айту шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, Абай образдарын сахнада шебер сомдады.