4-14 октябрь аралығында "Қыз болашағы-ел болашағы" атты онкүндік аясында 10-октябрь күні директордың тәрбие және құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен қыздар жиналысы өткізілді. Жиналысқа 8-9-10-11 сыныптың қыздары қатысты.
Көркем гимнастикадан "Жастар жылы" аясында өткен облыстық ашық салтанатта 5 "ә" сынып оқушысы Бекжігіт Жасмин және 2 "б" сынып оқушысы Мұрат Айкөркем жүлделі орындармен марапатталды.
Тараз қаласы №23 орта мектебіне биылғы оқу жылында қабылданған жас мамандар Республикалық "Мен Ұстазбын" атты байқауында үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орын иеленді.