"Маманға жүз сұрақ" » СШ №23
Коммунальное государственное учреждение
"Средняя школа №23"
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 42-56-06
Бухгалтерия
+7(7262) 42-56-06
Версия для
слабовидящих
» » "Маманға жүз сұрақ"
11
сентябрь
2025

"Маманға жүз сұрақ"

Мектебімізде 11.09.2025 жылы "Маманға жүз сұрақ" тақырыбында тіл жанашырларымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: ана тіліміздің қадір-қасиетін дәріптеу,  тіл жанашырларымыздың өмірлік тәжірибесін тыңдау, жастарға үлгі ету, мамандарға көкейде жүрген сауалдарымызды қою және оқушыларымызға кәсіптік бағыт-бағдар беру.
  Кешіміздің қаділі қонағы болған Есмаханова Гульнара Жанкеновна-Қазақстан Республикасы журналистер одағының мүшесі, "Педагог тәлімі" облыстық журналының редакторы, "Педагогикадағы инновациялар" Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының редакторы, Ардагер-ұстаз, Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы Попечительский советінің мүшесі, Жамбыл облыстық Ардагерлер үйі жанындағы "Аналар алқасы" кеңесінің мүшесі. "Ыбырай Алтынсарин", "Балалық шақ досы" төсбелгілерінің иегері. "Сарысу ауданы және Жамбыл облысына атқарған қызметі үшін" төсбелгілерінің иесі.
  Авторы Ұланғасыр Қамидың "Жалғызым қазақ" әнін орындаған 10"ә" сыныбының оқушысы Қалқабай Жәнібек қонағымызға ән шашу тарту етті.
  Оқушылар қонағымыздан сұхбат алып, сұрақ қоймас бұрын экранда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тіл туралы бейнеролигі көрсетілді. Бейнероликтің көрсетілімінен кейін оқушылар тіл тақырыбында өз пікірлерімен алмасты. Конаққа бірнеше көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
  Кездесуіміздің тыңдарман аудиториясы, яғни оқушыларымыз шығармашылыққа бейім, филология бағытын таңдаушылар, қызығушылықтарыда осы бағытта, және де кәзіргі таңда жас буын тіл жанашырларымыз. Кездесуіміздің шығармашылық сәтінде бірнеше оқушыларымыз тіл тақырыбына байланысты әр-түрлі форматта дайындалып келді. Олар:
1. Якуненко Даниэль 4"г" сынып оқушысы-авторы Мұзафар Әлімбаевтың "Ана тілім" өлеңін мәнерлеп оқыды.
2. Бопетаева Айзере 9"б" сыныбының оқушысы тіл тақырыбына байланысты өз көзғарасымен бөлісті.
3. Богданович Дарья 7"в" сынып оқушысы "Великий казахский язык" өз шығармасын жатқа айтты.
4. Мұрат Айкөркем 8"б" сынып оқушысы "Қазақ тілі" өз шығармасын жатқа айтты.
5. Алтынбек Аман 8"б" сынып оқушысы авторы Несіпбек Айтұлының "Ана тілім" өлеңін мәнерлеп оқыды.
6. 10"ә" сынып оқушылары Бақыт Үміт және Бақытжан Раушан қазақ тілі тақырыбында презентация қорғады.
7. Амангелді Мадина 9"б" сынып оқушысы тіл тақырыбына байланысты өз пікірімен бөлісті.
8. Ноканов Азамат 9"ә" сынып оқушысы тіл тақырыбына байланысты өз пікірімен бөлісті.
9. Жексембек Қуаныш 9"ә" сыныбының оқушысы тіл тақырыбына байланысты өз ойымен бөлісті.
10. Селеубаева Севиль 7"ә" сыныбының оқушысы тіл тақырыбына байланысты өз қөзқарасымен бөлісті.    
Кездесуіміздің қонағы Есмаханова Гульнара Жанкеновна-тәжірибелі журналист әрі білікті редактор ретінде оқушылармен өткізілген кездесуде ерекше ықылас танытты. Өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, әрбір қойылған сұраққа мазмұнды да түсінікті жауап берді. Школьникам құнды мағлұматтар ұсынып, тілдің қадыр-қасиеті мен мамандық иесі болудың жауапкершілігі жайында әсерлі ойлар айтты. Оның ашық жарқын мінезі мен кәсіби біліктілігі балалардың қызығушылығын оятты, болашаққа деген сенімін арттырды.
  Кездесуіміздің соңында қонағымызға Есмаханова Гульнара Жанкеновнаға мектеп атынан "Алғыс хат" табыстау  және іс-шараны қорытындылау мақсатында сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Есеналиева Жанна Есеналиевнаға берілді.
  Кездесу іс-шарасына қатысқан қонақтар, ұстаздар, оқушылар сөзі Мұзафар Әлімбаев, әні Шәмші Қалдаяқовтың "Ананың тілі" әнін хормен айтты.
  Тіліміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын!



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив