15
ноябрь
2024
"Еңбек жемісі"
Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде "Еңбегі адал-жас өрен" жобасы аясында және кәсіптік бағдар беру мақсатында "Еңбек жемісі" атты ата-аналардың жұмысына саяхат
12.11.2024 жылы мектебіміздің 8 сынып оқушыларына "Еңбек жемісі" атты ата-аналардың жұмыс орнына мектебіміздің медициналық бөлмесіне саяхат жасалды. Саяхаттың мақсаты: білім алушыларды дәрігер мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру. Саяхат барысында медбике Бекпанова Перуза оқушылармен сұхбаттасып, білім алушыларға болашақ мамандығын таңдауда – өмір жолындағы ең маңызды шешімдердің бірі екендігін айтты. Сондықтан болашақ мамандықты таңдауға өте, өте байыппен қарау керек. Дәрігер мамандығы – өте абыройлы да жауапты іс, өйткені адамның денсаулығы, кейде өмірі дәрігерге байланысты. Адамдар дәрігердің кез келген жағдайда міндетті түрде көмектесетініне сенеді, дәрігердің арқасында науқас міндетті түрде жақсарады. Бірақ шынымен нағыз дәрігер болу үшін жақсы оқу керек, дәрігер ретінде не істеу керектігін қаншалықты жақсы білетініне байланысты болады. Дәрі дәрмекті дұрыс тағайындамау, адам өміріне немқұрайлы қарау, адамдардың дәрігерлердің көмегіне деген сенімін де жояды. Дәрігер мамандығы адамгершілігі мол, өйткені өзгеге көмектесу – ақ ниетті, жаны таза адамның ісі. Болашақ мамандықты таңдаған соң, дәл осындай адам болуға тырысу керек. Білім алушылар сұрақтар қойып, сұрақтарына нақты жауап ала алды.






