Ыстық тамақ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына 10-қосымша мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 январьдағы № 64 қаулысын және қалалық білім бөлімінің 2024 жылғы 19 август күнгі №1213 бұйрығын негізге ала отырып, 2024 жылдың 02 сентябрь күнінен бастап 1-4 сыныптар аралығында 340 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
5-11 сыныптар аралығында 193 оқушы төмендегі санат бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
І- санат бойынша 27
ІІ-санат бойынша 196
ІІІ-санат бойынша 4
V -санат бойынша 84
№23 орта мектепте, мектептегі тамақ бойынша брокераж комиссия отырысы 2024 жылдың сентябрь айында өтті.
Комиссия мүшелері ас блогындағы, асханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуын, тамақ өнімдерінің сапасын, оларды тасымалдау, жеткізу, сақтау шарттарын, тамақ дайындау сапасын, тамақтың балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігін, ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін сақтауын бақылау жұмысы жүргізілді. Мектеп асханасында тамақтың сапалы дайындалуын тексеру туралы нақты мәлімет берілді. Тексеру кезінде тағамдарды дайындаудағы азық-түліктерді салу нормасы белгіленген талаптарға сәйкес келеді, азық-түліктер дұрыс сақталатыны анықталды .