Хабарландыру » СШ №23
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№23 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 42-56-06
Есепші бөлімі:
+7(7262) 42-56-06
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хабарландыру
04
қыркүйек
2023

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ


Бос лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласының білімі бөлімінің №23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 080003, Тараз қаласы, Суханбаев көшесі, №20. Телефон номері: 42-56-06, электронды пошта: shool23@mail.kz1 бірлік  жүктемемен «іс-жүргізуші» (уақытша)  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 


Лауазымдық міндеттері

1. Іс қағаз жүргізуші өз қызметін атқарған кезінде:

1) Ұйым қызметі барысында жинақталған құжаттардың жіктегішін жасайды және жетілдіреді;

2) құжаттарды қабылдайды, алғашқы өңдеуін жүргізеді, алдын-ала қарайды, тіркейді, құрылымдық бөлімшелерге жібереді, есепке алады, сақтайды, жан-жаққа жібереді;

3) ұйым басшысының уақытында кіріс құжаттарды қарауын ұйымдастырады, қол қойылуға берілетін құжаттардың ресімделуін бақылайды;

4) құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылайды, ұйым басшысына құжаттардың орындалу қорытындысын баяндап отырады;

5) бақылау-анықтамалық және басқа картотекаларды, компьютерлік деректер базасын қалыптастырады және жүргізеді;

6) құжаттарды басу, көбейту және көшіру жұмыстарын ұйымдастырады;

7) ұйымның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарының бланкілерінің жобасын жасайды және келіседі;

8) іс қағаздарын жүргізу қағидаларын жасайды;

9) ұйымның істер номенклатурасын жасайды, істерді ведомстволық (жеке) мұрағатқа белгіленген тәртіп бойынша өткізгенше жедел сақтауды оларды пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) құжаттармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру, орындау тәртібін көтеру бойынша іс-шараларды жасайды;

11) құрылымдық бөлімшелерде істердің ресімделуінің және қалыптасуының дұрыстығын бақылайды, құжаттардың құндылығын сақтау мен жою үшін іріктеу мақсатында сараптауды ұйымдастырады;

12) құжаттау мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша кеңестер, мәжілістер өткізеді.

4. Құқығы

10. Іс қағаз жүргізушінің құқықтары:

1) құжаттармен жұмыс жасауда белгіленген ережелердің орындалуын құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан талап етуге және бақылауға;

2) іс қағаз жүргізуші жұмысына қажетті мәліметтерді құрылымдық бөлімшелерден сұрауға;

3) ұйымда құжат айналымын азайтуға бақылау жасауға;

4) құрылымдық бөлімшелерде құжаттау мен құжаттаманы басқарудың ұйымдастырылуына тексеру жүргізуге, тиісті шара қолдану үшін ұйым басшысына тексеру қорытындысын баяндауға;

5) дайындау барысында белгіленген ережелердің бұзылғаны үшін құжаттарды қайта дайындауға жіберуге;

5. Лауазымы бойынша қарым-қатынастар мен байланыстар

11. Іс қағаз жүргізуші:

1) құжаттау мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша – ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен;

2) құжаттарды дайындаудағы құқықтық мәселелер бойынша – ұйымның заңгерімен;

3) құжаттарды мемлекеттік, орыс және басқа да тілдерге аудару мәселелері бойынша ұйымның аударма жұмысы үшін жауапты тұлғасымен;

4) есептеу және ұйымдастырушылық техникаларымен, ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың бланкілерімен, кеңсе құралдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ұйымның шаруашылық бөлімімен қарым-қатынас жасайды

6. Жұмысты ұйымдастыру және қызметті бағалау талаптары (критерийі)

12. Іс қағаз жүргізуші ұйымның ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс істейді.

13. Іс қағаз жүргізуші жұмысының сапасын бағалау және оның лауазымға сәйкестігін шешуде оған қойылатын талаптар:

1) іс қағаз жүргізу жүйесінің негізгі ережелерін білуі;

2) ұйымның құрылымын және бөлімшелерін білуі;

3) ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттама жүйесінің біркелкі стандарттарын білуі;

4) хат хабарлардың жүргізілу үрдісін бақылау тәртібін білуі;

5) еңбекті ұйымдастыру мен басқару негіздерін білуі;

6) техника құралдарын пайдалану, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білуі;

7) өзінің біліктілігін оқу орталықтарында, курстарды, семинарларда жүйелі түрде арттыруы;

8) ұйымның құжаттама жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, оның ішінде, іс қағаз жүргізудің қалыптасқан нысанын қазіргі заманғы автоматтандырылған технологияларға ауыстыру, біртіндеп көшіру;

9) өз қызмет бойынша ұйым басшылығы мен жергілікті мұрағаттар мен құжаттама басқару жөніндегі орган тарапынан ескертулер алмау;

10) ішкі еңбек тәртібі ережелерін білу, заңнамаларды бұзбау.


Еңбекақы мөлшері:90000тг. Лауазымы: іс-жүргізуші  (уақытша). 

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру, құжаттарды өткізу мерзімі: 04.09.2023-12.09.2023 жж. күндері аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласының білімі бөлімінің №23 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 080003, Тараз қаласы, Сухамбаев көшесі, №20.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 

6)«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) наркологиялық ұйымнан анықтама; 

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагогмодератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагогмодератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагогшебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек. 

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. 










Похожие публикации:

04 қыркүйек 2023 Хабарландыру
04 қыркүйек 2023 Хабарландыру
15 желтоқсан 2022 Хабарландыру
02 желтоқсан 2022 Хабарландыру
30 қыркүйек 2021 Хабарландыру
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив