12
қыркүйек
2020
Ата-аналар жиналысы
10 қыркүйек күні мектебімізде онлайн түрде жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету. жиналысқа 43 сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары және мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер қатысты. Жаңа оқу жылын 953 оқушыдан құралған 43 сынып, 89 ұстазбен басталды. Zoom платформасы арқылы өткен жиналыста ата-аналарға кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру жқмыстары айтылып, бағалау жүйесі мен қашықтықтан оқыту кезінде қолданылатын желілер таныстырылды.
